Lyrics
Көздеріңнің мөлдірлігі
Көлдей көркем, теңіздей терең
Өмірімнің болдың гүлі
Көзімді ашсам, сені іздей берем
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім шек қоя алмас
Мен сол кезде шалқыдым, қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас
Қайырмасы:
Өзіңе арналатын бар
Жүз әнім, жүз әнім
Сен үшін қамал
Бұзамын, бұзамын
Есімін басқа
Қыздардың, қыздардың
Жүрегімнен сызамын
Бақытым боп менің ғана
Жүр жаным.
Қабақ түйіп бұлданба сен
Күлсең жаздың көрдім жылуын
Гүл майысып тұрғанда сен
Аңсамаймын қордың сұлуын
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім шек қоя алмас
Мен сол кезде шалқыдым, қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
9924 9095
Comments
Жаннур Лес
19 2019