Lyrics
Өз қалауың таңдауың
Енді мендік болмауың
Жолың болсын, биік болсын самғауың.
Бөгемедім жолыңды
Сенікі де орынды
Сондықтан созбаймын қолымды.
Қайырмасы:
Жек көрме кектенбе
Өкпелеме өткенге
Мен қош бол деп айтқан жоқпын
Саған кеткенде.
Жек көрме кектенбе
Күзде сұлу көктемде
Махаббат ғажабы
Арманға жетпеуде.
Қарамасаң қарама
Жараласаң жарала
Мен ғана емес жаралы бұл қалада.
Сезіміңнің солғаны
Заңдылық қой ол дағы
Жек көріп кетпесең болғаны.
Қайырмасы:
Жек көрме кектенбе
Өкпелеме өткенге
Мен қош бол деп айтқан жоқпын
Саған кеткенде.
Жек көрме кектенбе
Күзде сұлу көктемде
Махаббат ғажабы
Арманға жетпеуде.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
Керемет
керемет