Жасай бер ағаларым lyrics

Ернар Айдар

2019

0
0

Share:



Тағдырдың бөлісем деп тамашасын
Ініге жолсыз жерде жол ашасың
Жақсы аға қара түнде жарық айдай
Аспанда Ай болмаса адасасың

[Қайырмасы]
Жасай берші жаны жайсаң ағаларым
Қайыспайтын жүк көтерсе қара нарым
Маған беріп жолдарыңды мені де ертең
Аға десін арқа сүйеп балаларың

Болсам деп өздеріңдей талаптанам
Астында қанатыңның қанаттанам
Ағалар алдымдағы алтын ине
Біз соның күміс жібі сабақтаған
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Жасай бер ағаларым lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

14.07.2019
Users