Той тойла lyrics

Ернар Айдар

2019

0
0

Share:



Бауыр бүтін бас аман
Той бұйыртты Жасаған
Шашу қылып шашам ән
Билеп ойна той тойла
Жақыныңмен көрісіп
Құшақ жылып қол ысып
Қызығыңды бөлісіп
Бәрін қойда той тойла

Шаттанғанда той тойла
Бақ қонғанда той тойла
Тәтті ән барда тойла
Сәт болғанда той тойла

Мәз боп қайтсын мейманың
Барыңды бер сыйлағын
Қолдағының қи бәрін
Пайда деме той тойла
Жабырқама бекерге
Өмірің құр өтерме
Көңіліңді көтерде
Қане жайна той тойла

Қуат барда бойда
Биле қанат жайда
Елің жұртың аманда
Той тойлаған жаман ба
Шаттық кернеп шын жаның
Билейтін ән бұл бәрің
Шақырады ортаға
Ернар Айдар ұлдарың

Әуелеген әнімен
Күйі биі дәмімен
Салтанатты сәнімен
Бәрін сайла той тойла
Көрген күліп тамсанып
Білген жүрсін тамсанып
Бар әлемге жар салып
Ойда қалар той тойла
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Той тойла lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

04.10.2019
Users