Сен теңіздейсің lyrics

Ернар Айдар

2019

0
0

Share:



Хат жазшы маған
Жаныма менің жағатын
Құм сағаттайын
Таусылды менің тағатым
Ақ бұлттан биік
Қалықтай бермей жерге түс
Қалмасын күйіп қанатың

[Қайырмасы]
Сен теңіздейсің
Жағаңда ұшам шағаладай
Бір-бірімізді жүрміз-ау
Жаным бағаламай
Алыстай берме сен менен
Кеудемде бір күш
Тартады жаным саған қарай


Сезім білдірдім
Сөз айтқаным жоқ ұнамсыз
Көңілім ашық
Ауа-райындай тұмансыз
Білмеймін енді
Жүрегің кім деп соқса да
Мен сені сүйем күмәнсіз

[Қайырмасы]
Сен теңіздейсің
Жағаңда ұшам шағаладай
Бір-бірімізді жүрміз-ау
Жаным бағаламай
Алыстай берме сен менен
Кеудемде бір күш
Тартады жаным саған қарай
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Сен теңіздейсің lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

21.07.2019
Users