Енді саған кіміңдей болам
Көп адамның біріндей болам
Көздеріңе ілінбей қалам
Көргенде көшеден
Бар мен жоғың білінбей маған
Мен де салқын Сібірдей болам
Ертеңіме түңілмей барам
Деп шештім кеше мен
[Қайырмасы]
Күндерім түндей өтуде, түн кірпік ілмей өтуде
Болар еді жаным, бақытқа бірге жетуге
Күндерім түндей өтуде, түн кірпік ілмей өтуде
Болар еді жаным, бақытқа бірге жетуге
Сағынып сені күндер өтуде
Менімен таң қатар атырды
Сағыныш деп аталатын мұң
Қанатыңнан махаббатымның
Жұлдың сен қауырсын
Жабырқатып кеткеніңменен
Жаза мен де тек көңілді өлең
Астан кестен еткеніңменен
Өткенші дауысың
[Қайырмасы]
Күндерім түндей өтуде, түн кірпік ілмей өтуде
Болар еді жаным, бақытқа бірге жетуге
Күндерім түндей өтуде, түн кірпік ілмей өтуде
Болар еді жаным, бақытқа бірге жетуге
Сағынып сені күндер өтуде
[Қайырмасы]
Күндерім түндей өтуде, түн кірпік ілмей өтуде
Болар еді жаным, бақытқа бірге жетуге
Күндерім түндей өтуде, түн кірпік ілмей өтуде
Болар еді жаным, бақытқа бірге жетуге
Сағынып сені күндер өтуде
Ботакөз
Сәлеметсіз бе Ернар Айдардың әндері күшті 👍 керемет әндеріңіз көбейе берсін шығармашылықтарыңызға табысты тілеймін
Қасым
красавчик Ернар
Ботакөз
Керемет күшті әндеріңіз көбейе берсін шығармашылықтарыңызға табысты тілеймін ауырмаңыз