Қалай ұмытам lyrics

Ернар Айдар

2018

21
2

Share:



Сағынысып көріскен кезді қалай ұмытам
Сүйем дегем періштем сөзді қалай ұмытам
Мен өзіңді қызғанған шақты қалай ұмытам
Қол ұстасып біз барған бақты қалай ұмытам

Қайырмасы:
Мен өзіңді ұмытпаймын көресің
Сені ғана сүйгеніме сенесің
Мейлі жаным қосылмай-ақ кетсек те
Жүрегімде өмір сүре бересің

Алғаш саған ұсынған гүлді қалай ұмытам
Алмаймын деп қысылған күнді қалай ұмытам
Хат жазысып отырған түнді қалай ұмытам
Көздеріңнен оқылған сырды қалай ұмытам

Қайырмасы:
Мен өзіңді ұмытпаймын көресің
Сені ғана сүйгеніме сенесің
Мейлі жаным қосылмай-ақ кетсек те
Жүрегімде өмір сүре бересің
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Қалай ұмытам lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

17.11.2018