Екеуміз lyrics

Ернар Айдар

2019

0
0

Share:



Жан едік арманы бір
Бізді арман алдады құр
Сағымға кетті айналып
Түнгі сыр таңдағы жыр
Бәрі енді ұмыт болды
Үзіліп үміт сөнді
Бір ғана бар сурет
Естелік болсын деп
Біз түскен күліп соңғы

Қайырмасы:
Екеуміз, екеуміз білмеген екенбіз
Сезімнің жүрекке саларын бекер сыз
Екеуміз, екеуміз қосыла алмай өтерміз
Қинаған мұң сыйлаған тағдырға не етерміз

Аудырып есімді жүз
Мазамды кетірді күз
Естелік үшін ғана
Кездескен секілдіміз
Сағынған шақта солай
Көңілің таппаса жай
Сенің де білемін
Сыздайды жүрегің
Саған да соқпас оңай
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Екеуміз lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

15.11.2019
Users