Жан ана lyrics

Ернар Айдар

Жан ана

4
0

Share:



Шөлде сен бұлақ болған жан ана
Шаршасам қуат болған жан ана
Таянып ақ бесіктің жанында
Түнде де шырақ болған жан ана
 
Өмірдің алтын арай таң ана
Ақ сүтің баға жетпес балана
Сан жылдар сандалған мойымай
Біздерге тіреу болған жан ана
 
қайырмасы:
Самғаймын саған қарай құстай ана
Мен қалай жүре аламын ұшпай ана
Жанымның сағынышы басылмайды
Өзіңді құшағыма қыспай ана
 
Анашым сенсіз бақыт табылмаспа
Өзіңсің ақылшым данамызда
Бөленіп немерелер қызығына
Анашым аман жүрші арамызда
 
Өмірде кейде шаттық кейде мұң
Ақ теңіз ағайынға пейілін
Мөлдіреп ұл қызына қарайсың
Таусылмай ақ жүзіңнен мейірім
 
Шың сұрар сәбилік жүрекпенен
Әкемдей асқар тау тірекпенен
Көзімнің нұры боп жүрсе екен деп
Амандық сендерге тілеп келем
 
қайырмасы:
Самғаймын саған қарай құстай ана
Мен қалай жүре аламын ұшпай ана
Жанымның сағынышы басылмайды
Өзіңді құшағыма қыспай ана
 
Анашым сенсіз бақыт табылмаспа
Өзіңсің ақылшым данамызда
Бөленіп немерелер қызығына
Анашым аман жүрші арамызда

ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Жан ана lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Самсунг Галакси

07 2018

Маған ерекше ұнады Ернар аға аналарымыз аман болсын

GM

Added Lyrics

30.10.2015
Music Videos
Ернар Айдар
Жан ана