Ауылды аңсау lyrics

Ернар Айдар

2017

16
0

Share:



Мақтаным ау мүлік болмайтын
Мекені көркем қауымым
Есіктерінде құлып болмайтын
Біз туып өскем ауылдың
Жұртының кетпес нұр жанарынан
Бәрінің бөлек бітімі
Мейрімді үйлердің мұржаларынан
Күлімдеп шыққан түтіні

Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген
Куәсі тәтті шағымның
бұзау байлатып ,тайға мінгізген
сені сағындым ауылым
Алыстағандай ботасы іңгеннің
Сендей жер таппай сабылдым
Азаматы бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым
Азаматы бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым

Жеңгелер жүрме,атса таңдары
Күн батпайтынын таппаған
Аман ба елдің ақсақалдары
Шешіре сырлар сақтаған
Біліп қалардай,білдірмегенді
Қарайтын қыздар қиылып
Келін болдыма бұл күнде енді
Сәлемін салар иіліп

Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген
Куәсі тәтті шағымның
бұзау байлатып ,тайға мінгізген
сені сағындым ауылым
Алыстағандай ботасы іңгеннің
Сендей жер таппай сабылдым
Азаматы бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым
Азаматы бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым

Бәріде сонда ізгі бауырдың
Көңілі көктем құлпырған
Баласы ғой деп ,біздің ауылыдың
Мақтанды мекен сыртымнан
Қаланың қанша төрін алғанмен
Ауылым асқақ жырымғой
Басым аланың добы болғанмен
Жүрегім сенің гүлің ғой

Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген
Куәсі тәтті шағымның
бұзау байлатып ,тайға мінгізген
сені сағындым ауылым
Алыстағандай ботасы іңгеннің
Сендей жер таппай сабылдым
Азаматы бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым
Азаматы бол деп батасын берген
Ауылым сені сағындым
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Ауылды аңсау lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Руслан Омирбеков

24 2017

Кушти

07.05.2018