Жаман деме туысты Ерлан Ахметов

0
0

Share:




Lyrics



Жандәулет Кенжебаев туындысы
Жаман деме туысты
Орындайтын Ерлан Ахметов

Таң қалдым ойы кем адамдарға
Ақылсыз өр көкірек надандарға
Орынсыз өзінен күні жөн қылатын
Тұрақсыз екіжүзді жамандарға
Жаныңда жоқ пендені өсектейді
Берсең оған, дана деп есептейді
Егер де жөні келмей бере алмасаң
Ұятсыз сөздермен кезектейді
Егер де жөні келмей бере алмасаң
Ұятсыз сөздермен кезектейді

Аралықтын барында пайдаланып
Дана дейтін қошеметке жайға бағып
Енді бүгін ешкімге болмай қалды
Оң мықтыны табасын қайда барып
Адамды берсе ғана жақсы дейтін
Бермесе, ортаға салып өсектейтін
Ойы таяз пенделерге қызықсаң да
Байлығымен адамды-ей есептейтін
Ойы таяз пенделерге қызықсаң да
Байлығымен адамды-ей есептейтін

Туыс деген ақшаға сатылмайды
Қасиетті ұғым ғой табылмайтын
Сатылғаны жатпайды адамдыққа
Болайық шала ұғым жағылмайтын
Өсектеп туысқанды жағылмай
Күнәхар болып айыпқа тағылмайық
Жаман десең жақсыны кім береді?
Өтініш, надандыққа салынбайық
Жаман десең жақсыны кім береді?
Өтініш, надандыққа салынбайық




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

14.11.2022