Еркін Нұржанов Мінезің [Тәттісің] (0), lyrics

Мінезің [Тәттісің] lyrics

Еркін Нұржанов

Мінезің [Тәттісің]

2
0

Share:



Ақылымды билеуді,
Күйіп тұрып күймеуді,
Жылып тұрып күлуді,
Сүйіп тұрып сүймеуді,
Сезімге бас имеуді
Ұнатасың ба?
 
Ұнатасың, ұнатасың
Ұнатамын мен де сені
Жылатасың, жұбатасың
Қалпыңменен кешегі
 
Қайырмасы:
 
Аялаған ақ құсым
Қайрылмайтын қаттысың
Соның үшін, соның үшін
Тәттісің сен тәттісің.
 
Жүрегіңе көнбеуді,
Жан-жараңды жеңбеуді,
Танып тұрып танымай,
Көріп тұрып көрмеуді
Сеніп тұрып сенбеуді
Ұнатасың ба?
 
Қайырмасы:
 
Аялаған ақ құсым
Қайрылмайтын қаттысың
Соның үшін, соның үшін
Тәттісің сен тәттісің.
 
Қарақаттай көзіңді
Көзіңдегі сезімді
Сүйем деген сөзіңді
Айтып тұрып айтпауды,
Айтқаныңнан қайтпауды
Ұнатасың ба?







GM

Added Lyrics

30.10.2015
Music Videos
Еркін Нұржанов
Мінезің [Тәттісің]