Lyrics
Ең алғашқы қар сезімімдей алғашқы
Дәл мұндай қар бұрын жерге жаумаған.
Дәл мұндай сезім Жер бетінде болмаған!
Жаралғандай бүгін қайта бар ғалам
қайырмасы:
Мен сені көрдім, сені көрдім
Қар жауған күні сол есімде.
Мен сені көрдім, аңсап жүрмін
Қар жауған күні... келесің бе?
Сездің бе екен,
Ақшақар болып көктен
Ақ қанатты періштелер де түскенін
Сырымды ақтардым,
Қар бетіне хат жаздым.
Соны оқы да, жаным жаным ұқ мені
қайырмасы:
Мен сені көрдім, сені көрдім
Қар жауған күні сол есімде.
Мен сені көрдім, аңсап жүрмін
Қар жауған күні... келесің бе?
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).