Lyrics
Мені ойлап көздің жасын, құрғатпаған
Анамдай алаңдаған, тіл қатпаған.
Лебізін бес- он жылда бір мақтаған,
Мемлекеттік сыйлықтан қымбат маған
Қайырмасы:
Әкем патша, анам уәзір
Ұл- қыздарың араңда жүр
Өзің барда, хан ұлындай
Күн кешуде балаң қазір
Әкем патша, уәзір анам
Кездері жоқ ажыраған
Әкем қатал көрінгенмен
Жан- дүниесі нәзік адам
Тағдыр жүгін біз үшін көтердіңғой,
Пазырымды өтеумен өтермінғой.
Өмірден таяқ жемеу үшін, әке
Өзіңнен таяқ жеген екенмінғой.
Қайырмасы:
Әкем патша, анам уәзір
Ұл- қыздарың араңда жүр
Өзің барда, хан ұлындай
Күн кешуде балаң қазір
Әкем патша, уәзір анам
Кездері жоқ ажыраған
Әкем қатал көрінгенмен
Жан- дүниесі нәзік адам
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).