Ерке Есмахан Кел Кел (2021), lyrics

Кел Кел lyrics

Ерке Есмахан

2021

0
0

Share:



Іздесең сен мені
Ізімнен кел бері
Мекенім көкте емес
Жұлдызбын жердегі
Көз салған бақшама
Сөз салған жас бала
Жұлдызбын мен бірақ
Өзіңнен басқаға

[Қайырмасы]
Кел, кел
Гүлдеріңді бер, бер
Әндеріме дем бер өнер жолында
Кел, кел
Жүрек отын бер, бер
Сенсің жаным сенер өмір жолында

Сен мені сағынба
Мен бармын жаныңда
Жаныңда болмасам, теледидарыңда
Жұлдыз деп ойлама
Теңеме Айға да
Қызымын қазақтың
Еркемін жай ғана.

[Қайырмасы]
Кел, кел
Гүлдеріңді бер, бер
Әндеріме дем бер өнер жолында
Кел, кел
Жүрек отын бер, бер
Сенсің жаным сенер өмір жолында






Admin

Corrected text

18.09.2021
Users