Ерке Есмахан Аққу (2021), lyrics

Аққу lyrics

Ерке Есмахан

2021

0
0

Share:




Сезімін аққу сақтайды
Қанатын жалғыз қақпайды
Ақ ерке құсын айдынның
Ақылды мерген атпайды
Ержігіт серпін сатпайды
Ар жібін қалай аттайды
Адалдық егер болмаса
Адамдар бақыт таппайды

Қайырмасы:
Аққудын әппақ махаббатындай
Ақ таңның шуақ шапағатындай
Бақыт шынына апаратындай
Ахоу
Сезімді нәзік күлге балайық
Өзіңмен өмір күнде ғажайып
Мәңгілік жаным бірге болайық
Ахоу

Сұлу қыз сүйсе қолдайды
Гәкку деп әнің жолдайды
Жаралған бәрі теңімен
Санарсыз сырға болмайды
Өзіме ғана лайығын
Сүйгенің жалғыз айыбын
Жібектей жетсем үздігін
Құшағын ашсын жайылып

Қайырмасы:
Аққудын әппақ махаббатындай
Ақ таңның шуақ шапағатындай
Бақыт шынына апаратындай
Ахоу
Сезімді нәзік күлге балайық
Өзіңмен өмір күнде ғажайып
Мәңгілік жаным бірге болайық
Ахоу







Asem Myrzamuratova

Corrected text

14.01.2022
Users


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz