Өзгеше қыз lyrics

Ердаулет Мұратұлы

2019

0
0

Share:



Сендей ару бармекен бұл өмірде
Жалын атты бір сезім жүрегімде
Жол тартайын деп едім жүрегіңе
Тек өзіңніің айналып тірегіңе
Қарай берем ботадай көздеріңе
Ғашық еттің сен тәттіі сөздеріңе
Саған деген сезімім тасып жатыр
Сездің мүмкін сен оны сезбедіңбе

Қайырмасы
Өзгелерге ұқсамас өзгеше қыз
Бұрын соңды көрмедім өзіңдей қыз
Жарасымды қылығың келбетіңе
Сендей сұлу жоқ шығар жер бетінде

Тыңдамаймын мен қазір өзгелерді
Тыңдау керек екен тек жүрегіңді
Қалағаны жүректің болса демек
Сеземісің бақытты екеніңді
Білмейсіңбе мен сені көргенімді
Құлақ аспай өзгенің сөздеріне
Менсінбейді ол сені деген жандар
Күмәнім жоқ өкініп жүрегіңе

Қайырмасы
Өзгелерге ұқсамас өзгеше қыз
Бұрын соңды көрмедім өзіңдей қыз
Жарасымды қылығың келбетіңе
Сендей сұлу жоқ шығар жер бетінде


Ердаулет Мұратұлы, Өзгеше қыз lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

02.04.2019
Users