Қазақ қызы lyrics

Ерболат Ержанбаев

2017

0
0

Share:



Не білесің қазақ қызы жайында
Оған серік болуға ер дайын ба
Қазақ қызы сұлулардың сұлуы
Жұлдызымен тең келмейтін айында
Үлкенменен сыйлайтұғын кішіні
Аялайтын асыл деп әр кісіні
Қазақ қызы қасиеттім тұмары
Жаны таза көркем мүсіні

қайырмасы:
Намыс жігер ойда қызу қан барда
Армандасың қазақ қызы арманда
Қазағымның қызы ғана тыңдаған
Мұқағали мұңын шағып барғанда
Таңда туған Домалақтай анаға
Гүлданадай келін болған данаға
Сүйсең жігіт қазағымның қызын сүй
Бағаласаң қазақ қызын бағала

Бір рудың бағы ашылып бір қыздың
Ақылымен алтын сарай тұрғызған
Қазақ қызы ұстап жүріп ақ
Төле биді төрден мойын бұрғызған
Бір ақ сөзбен шешім айтқан дауына
Жетелейтін гүл бақшалы бабына
Қазақ қызы Қабанбайдың серігі
Қылыш алып қарсы тұрған жауына

қайырмасы:
Намыс жігер ойда қызу қан барда
Армандасың қазақ қызы арманда
Қазағымның қызы ғана тыңдаған
Мұқағали мұңын шағып барғанда
Таңда туған Домалақтай анаға
Гүлданадай келін болған данаға
Сүйсең жігіт қазағымның қызын сүй
Бағаласаң қазақ қызын бағала
Ерболат Ержанбаев, Қазақ қызы lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






09.11.2017
Users