Елеміс Меліс Ана тілім lyrics

Ана тілім Елеміс Меліс

0
0

Share:


Lyrics



Бәрінен ерекше ғой ана тілім
Өзіме оқшау тұрған дара тілім.
Шабыттанып ақындар өлең жазса
Жүректі тебірентер дана тілім.Мақтанамын тіліммен алдаспандай
Өз тілімде сөйлеймін еш жасқанбай.
Бабалардан сүрінбей бізге жеткен.
Қаншама ғасырлармен айқасқандай.Ана тілім – қазақ тілі қасиетім
Әрдайым жүрекке жылы тиетін.
Күллі халық болса егер жаһанда
Құдіретті тіліме бас иетін.Қазақ тілім жетсе екен кемеліне
Неше түрлі ойлардың елегіне.
Екі қазақ өзара сөйлескенде
Өзге тілді қосудың керегі не?!.Ана тілім айбынды қазақ тілім
Мұсылманмын ғұмыры ұзақ дінім.
Қазынам бар жүрегімде сақталған
Аманаты бабамның азат тілім.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

10.11.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz