Оян қазақ lyrics

Еділ Майзақов , Апош Сарбаз

2019

0
0

Share:



Бабадан қалған бұл төрім
Найзасын намыс сілтедім
Досына қарсы келмеген
Алаштай аңғал жұрт едім
Жауына қылыш сермеген
Қазақтай қайсар ұлт едім
Сақ пенен ғұннан таралып
Бабама тартқан күл тегі
Найзағай болып намысым
Жанымды берем ар үшін
Азия түгіл әлемге
Жаңғырып шығар дауысым
Айбатты болып күн кешем
Байрақты елдің бағы үшін
Соғыссыз майдан ашқандар
Қазақтың мықты парызы

Қайырмасы
Оян қазақ қалғығаның жетер
Әлсіреме із басыңды көтер
Қазынаңды алса,қазақтығың бекер
Қара көздер қанша
Асып жатыр жетер

Тыныштық үшін тек бәрі
Ұлыңның дабыл қаққаны
Қара көз қарындастардың
Толастар емес хаттары
Түріме еніп тексіздер
Бабамның ізін таптады
Түлкідей сойған жымиып
Жымысқы көрші қаптады
Келмейді шынсыз шүйлігім
Келмейді жаттан сый күткім
Қысық көз қулар жағынып
Көңілін тапқан биліктің
Бүлікпен даудан аулақпын
Қазағым енді күйді ұққын
Иықты елім имансыз
Жандарға қалай иліктім

Қайырмасы
Оян қазақ қалғығаның жетер
Әлсіреме із басыңды көтер
Қазынаңды алса,қазақтығың бекер
Қара көздер қанша
Асып жатыр жетер

Еділ Майзақов, Апош Сарбаз, Оян қазақ lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

12.06.2019