Lyrics
Тисе де бетке бақыт самалы
Абырой атақ толқынсадағы
Мәңгілік не бар өмірде мынау
Уақытша бәрі уақытша бәрі
Тереңге кейде үңілмес пенде
Тазарса жүрек түңілмес кеуде
Не жетер сірә бес күн жалғанда
Сыйласып әр кез ғұмыр кешкенге
Қайырмасы
Өмірге қонақ екенбіз
Сол үшін бағалы екенбіз
Біз нені ала кетерміз
Сыйластық қалмайма
Атаққа қуып жетерміз
Байлықты жиып өтерміз
Бәрі бір қонақ екенбіз
Жазылған маңдайға
Хандарда өткен қарада өткен
Жақсыны жақсы бағалап өткен
Аламыз кейде пенделікпенен
Жүрегін жанның жаралап әттең
Ата анаң қымбат бауырың қымбат
Дос жараныңмен қауымың қымбат
қызылда жасыл алдамшы әлем
Алмасын досың қадіріңді ұрлап
Қайырмасы
Өмірге қонақ екенбіз
Сол үшін бағалы екенбіз
Біз нені ала кетерміз
Сыйластық қалмайма
Атаққа қуып жетерміз
Байлықты жиып өтерміз
Бәрі бір қонақ екенбіз
Жазылған маңдайға
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).