Қалайсың lyrics

Еділ Майзақов , Дина Мырза

2018

2
0

Share:



Қалай ,қалай қалайсың?
Қалай болғанымды қалайсың?
Бояуы жоқ шын жүзің болса,
Ұяңдатар шырайлы қызыл болсын
Тіліңменен сөйлеме қысқа болып
Бұрымыңменен көйлегің ұзын болсын

Өзің қалай қалайсың
Қалай болғанымды қалайсың
Көлік емес көңілдің кеңі керек
Жүрегімнің мəңгілік теңі керек
Қалтасына сенетін қайдағы емес
Сезіміне сенетін сері керек

Қайырмасы
Қалайсың күндей нұрлы арайсың
Адал болсаң анамдай
Жар болуға жарайсың
Қалайсың ,қалайсың?
Бақытыңа балайсың
Əділ болсаң əкемдей
Жар болуға жарайсың!!!

Қалай қалай қалайсың?
Қалай болғанымды қалайсың
Алма мойын шиедей еріндерің
Жанымдыға жанашыр теңім керек
Би кештерін сүйетін бикеш емес
Анашымды сыйлайтын келін керек


Қайырмасы
Қалайсың күндей нұрлы арайсың
Адал болсаң анамдай
Жар болуға жарайсың
Қалайсың ,қалайсың?
Бақытыңа балайсың
Əділ болсаң əкемдей
Жар болуға жарайсың!!!

Еділ Майзақов, Дина Мырза, Қалайсың lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

27.08.2018
Users
Music Videos
Еділ Майзақов
Қалайсың