Әдемі lyrics

Е. Серікбаев

Әдемі

0
0

Share:


Күн сәулесі төгігені, әдемі
Кемпірқосақ келгені, әдемі
Көк шалғында асыр салып, жүргенде
Көк көбелек көрінеді әдемі
Жас шыбықтың гүлі ашқаны, әдемі
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі
Қариялар жол үстінде, кездесіп
Амандықты сұрасқаны әдемі


Қайырмасы:
Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемі
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемі
Ақ боз атын ертіп мініп атамның
Қойды өріске айдағаны, әдемі


Ақ ботаның үлкен көзі, әдемі
Әжеміздің күлген көзі, әдемі
Бәріненде жасқа толған бөпемнің
Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі
Домбыраны баппен тартсаң, әдемі
Шарықтата әнге салсаң, әдемі
Ұлан асыр думанды той үстінде
Құрбылармен ойнап күлген әдемі


Қайырмасы:
Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемі
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемі
Ақ боз атын ертіп мініп атамның
Қойды өріске айдағаны, әдемі


Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемі
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемі
Ақ боз атын ертіп мініп атамның
Қойды өріске айдағаны, әдемі

Е. Серікбаев
Е. Серікбаев, Әдемі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015