Lyrics
Махаббаттың қаласындағы
Құпия сыр əлі ашылмады
Жаным сүйген жалғыз жан едің
Аспан жердің арасындағы
Жанды жаралағаның
Мені бағаламауың
Қайта оралуыңды
Қаламағаным
Қайырмасы:
Білесің мен жыламаймын
Жылайды көзім ғана
Жұбатар жан жоқ енді оны
Енді жыламаймын
Жылайды сезім ғана
Жауапсыз қалған мендегі
Сезім ғана....
Бұлбұл едім, бағында күлген
Жақының ем жаныңда жүрген
Енді саған сағыныш болып
Айналамын сағымға бірден
Жалған күліп қалсаңда
Қардан суық болсаңда
Іштей жылайсың əлі
Жігіт болсаңда
Қайырмасы:
Білесің мен жыламаймын
Жылайды көзім ғана
Жұбатар жан жоқ енді оны
Енді жыламаймын
Жылайды сезім ғана
Жауапсыз қалған мендегі
Сезім ғана....
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).