Мені есіңе ал... lyrics

Дулат Әбдікәрім

Мені есіңе ал...

0
0

Share:


Аспан жылап нөсерін төккен кезде,
Мені есіңе ал, желпіп жел өткен кезде.
Мені есіңе ал, 'өзің'- деп салған әуен,
Жүрегіңе мұң болып жеткен кезде.
 
Мені есіңе ал, бақта гүл солмағанда,
Жұбатар жан - жаныңда болмағанда.
Жылмың қаққан жұлдыздар ғайып болып,
Қара аспанды қара бұлт торлағанда.
 
Жабырқаумен өткізіп күндеріңді,
Мені есіңе ал, шағып сен түнге мұңды.
Көздеріңнен жас сырғып -
Мені есіңе ал,
Мен сыйлаған - иіскеп гүлдерімді.
 
Сезім суып, көңіл күй өзгергенде,
Мені есіңе ал, орнаса мұз - кеудеңде.
Сағыныштан сарғайып жапырақтар,
Күңіреніп, күрсініп күз келгенде.
 
Көңілің... Көңілсіздеу әнге ауғанда,
Мені есіңе ал, тарылған тар жолдарда.
Жанарыңнан жайнаған жаз жоғалып,
Қабағыңнан қайғыдан қар жауғанда.
 
Күн күркіреп, қара бұлт еніп, көкті
Күрсіндіріп... Жүзімнен көрік кетті.
Кешір күнім, әрине, бақытты бол!
Ренжіме тек, ашуым келіп кетті.
 
Дулат Әбдікәрім, Мені есіңе ал... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015