Гүлназға жазған хат lyrics

Дулат Әбдікәрім

Гүлназға жазған хат

0
0

Share:


Алыстап кетті қашық жол мынау,
Жылытар едім жейдемді беріп.
Ес кетіп күнім ғашық болдым ау,
Желіде түскен бейнеңді көріп.
 
Балқиды бойым жадымда қалған,
Әуендей әсем үніңе сенің.
Көре алмай күнді жанымнан қалқам,
Ғайып болуда күніге сенім.
 
Сырымды іштей қорғап тым берік,
Күтемін кейде асыға күнді.
Жүрегіңе дәл жол тапқым келіп,
Жазамын саған осы хатымды.
 
Қоңырау соқсам жауап бермейсің,
Ұмытам деме бәрін жаз шыға.
Хат жазсам кейде 'аулақ бол' дейсің,
Күнім-ау өзі, хәлің жақсы ма?
 
Көңілсіз әуен таңдап отырып,
Тыңдаймын дағы күрсінем әнге.
Келер деп күтіп, таңыңды атырып,
Сағынып қалқам, жүрсің бе әлде?
 
Сезімді бұрын жаным ұқпапты,
Сырымды ішке түйіп көрмеппін.
Өзгені бұлай сағынып қатты,
Сені сүйгендей сүйіп көрмеппін.
 
Жымисаң қарап, таң күліп еді,
Білмеймін құшақ жая ма бөтен?
Сезімім шіркін мәңгілік еді,
Мүмкіндік берші, аялап өтем.
 
Дулат Әбдікәрім, Гүлназға жазған хат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015