Еркеме lyrics

Дулат Әбдікәрім

Еркеме

0
0

Share:


Енгендей боп ішіне ертегінің,
Жүрегімнің ақтарып шертем үнін.
Есіміңді жыр қылып,өзіңе арнап,
Еркелетем,
Еліктей ерке күнім.
 
Саған арнап жыр жазған әр дара ақын,
Ақылдысың, өйткені,ар бағатын.
Күндей көркің жүректі елжіретті,
Балдай шырын,тәп-тәтті мармалатым.
 
Өлең болып төгілді тамшы мұңым,
Әсем әнді бұлбұл құс салшы бүгін.
Көтерілсін көңілім...
Күлімдеші,
Еркелеші, кел еркем, бал шырыным.
 
Арманы не?
Самалдың гүлімді өпкен,
Сен жымисаң, жайнаған күнім көктем.
Күнім сенің көркіңе күн қызығып,
Жылынсын деп жүзіңе нұрын төккен.
 
Сендей сұлу жоқ Қытай, Қырғыздарда,
Қызғанамын бұлттардан 'күн қыз' бар да.
Қызғанғаннан сыр айттым 'қарама'-деп,
Аспандағы ай менен жұлдыздарға!
 
Дулат Әбдікәрім, Еркеме lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015