Дуэт 7 Сезім қайда (0) lyrics

Сезім қайда lyrics

Дуэт 7

Сезім қайда

0
0

Share:


Сезім қайда сен қайда білмеймін мен
Кезім қайда кешегі күлмей күлген
Ай жұлдызға аңыз қып ақтарыпсын
Ұзақ таңға кірпік ілмей жүрген

қайырмасы:
Мөп-мөлдіреді-ау мөп-мөлдір
Сезімдер қайда сен қайда
Нөсер боп құйып кетсең бір
Сағыныш шөлі қанбай ма
Нөсер боп құйып кетсең бір
Сағыныш шөлі қанбай ма

Бәрі жалған қайтейін бәрі жалған
Не күтіп тұр білмеймін тағы алда
Ақ сұңқарым ұясын арманымның
Амал барма қол жетпес құзға салған

қайырмасы:
Мөп-мөлдіреді-ау мөп-мөлдір
Сезімдер қайда сен қайда
Нөсер боп құйып кетсең бір
Сағыныш шөлі қанбай ма
Нөсер боп құйып кетсең бір
Сағыныш шөлі қанбай ма

Шашылды таң сезімнің моншақтары
Ай мен күндей арамыз алшақтады
Неге неге жанымды қинай бердің
Оралмайды бақыттың бал шақтары

қайырмасы:
Мөп-мөлдіреді-ау мөп-мөлдір
Сезімдер қайда сен қайда
Нөсер боп құйып кетсең бір
Сағыныш шөлі қанбай ма
Нөсер боп құйып кетсең бір
Сағыныш шөлі қанбай ма






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Дуэт 7
Сезім қайда