Досымжан Таңатаров Сын (2018), lyrics

Share:



Бір басың көпті көреді ей фәниге тірі келгесін
Тыңдап көр халқым ұлыңның өмірден жазған термесін
Егемен болып соңынан елдердің үлкен ергесін
Қиындық кетіп басыңнан жамандық халқым көрмесін
Аш болып жатып жан жағы жалғыз тоқ болса барғасын
Елінің жүгін көтермей сандалып кеткен нарға сын
Үйленіп алып үй болмай береке кетсе жарға сын
Адам болып келіп өмірге арам боп кетсең арға сын
Біреудің оты жанбасын біреудің түгі қалмасын
Деп жаман дұға оқыған дауа кер болғасын жанға сын
Ренжу өкпе болады ей өмірде тірі болғасын
Адамды адам түсініп қиянат жасау болмасын
Қалың елі аш болса ел басқарған елге сын
Еріне жүгін артып сап отырса қарап елге сын
Еңбегін елдің өтемей Бермесе дәнін жерге сын
Су сұрап жатса қара жер жауынсыз келген желге сын
Билігін әділ айтпаса отырған билер таққа сын
Бәтуасыз сөз айтса талмай бір қойғын жатқа сын
Жазықсыз жанды ап жатса ай жаңылыс тиген оққа сын
Жазықсыз жанды айыптап жазымын жазса сотқа сын
Үйдегі соңғы дәніңді ей тышқанға берсе қатқа сын
Жігітті төмен қаратып байласа қолың жоққа сын
Біреудің тұрып есігін біреудің қағып қақпасын
Сұраған қайыр заманнан жігітті құдай сақтасын
Біреудің торып есігін біреудің қағып қақпасын
Сұраған қайыр заманнан жігітті құдай сақтасын







адетхан

Corrected text

13.08.2021


shinline.kz