Lyrics
Көктемдей құлпырған,
Ерекше түр-тұлғаң.
Есімнен кетпейді,
Жанарын нұр тұнған.
Қайырмасы:
Нұр тұрған, сыр тұнған,
Бір сырдан, бір бұлған.
Жолыңа болсамшы,
Япыр-ай, мен құрбан.
Барады балқып тән,
Қалмады менде жан.
Өзіңсің мүмкін бе,
Өмірде болу мән?!
Қайырмасы:
Нұр тұрған сыр тұнған
Бір сырдан бір бұлған
Жолыңа болсамшы
Япыр-ай мен құрбан
Жәудіреп жанарың,
Қиыла қарадың.
От болып лапылдап,
Өртеніп барамын.
Қайырмасы:
Нұр тұрған, сыр тұнған,
Бір сырдан, бір бұлған.
Жолыңа болсамшы,
Япыр-ай, мен құрбан.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).