Share:




Lyrics



Өмір деген бал дауренді балалық
Өмір деген асқарлық ағалық
Өмір деген көргені көп қария
Мойынсұнған сақал, шашы ағарып

Қайырмасы:
Өмір деген шаттық пенен мұң екен
Өмір деген шымыраумен шың екен
Тобылғының сабындай-ақ өмірде
Аталардың айтқан сөзі шын екен

Өмір деген өлшемі бар күнделік
Бір таусылар мұқабасы мұң келіп
Қарамайды көңіліңе ол сенің
Батар күнмен келері де бір керім

Қайырмасы:
Өмір маған бақыт берді бал берді
Өмір маған мұң ішкізді зар берді
Жазымыштан озымыш жоқ деп айтқан
Әкелердің ақыл сөзі дәл келді Х2

Жақсы жаман жақтарыңды жұптап ал
Саған ертең сөз айтады жұрт қарап
Артыңдағы кейін қалған күндердің
Көздеріне кетсең болды тік қарап

Қайырмасы:
Өмір сенің күрмеуленген соқпағың
Бір қуанттың бір мұңайттың жоқтадың
Қас пен көздің арасындай өмірде
Бабалардың айтқанына тоқтадым Х2



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Medet Battalov
24 March 2022

123456789

Added

22.12.2021