Досымжан Таңатаров Ағама! lyrics

Share:




Lyrics


Еркелеп мен өстім ортаңдай
Сендерсің қорғанды қалқандай
Алаңсыз жүргенім, күлгенім
Ағалар сендердің арқаңдай
Сендермен өткен күн бір қызық
Үйреттің атқада мінгізіп
Құласам, жыласам демедің
Шаңымды қаққан сен тұрғызып

Қайырмасы:
Айтқызбай ақ түсінетін ойымды
Ойлап жүрер халім менен жайымды
Ақпейілді жеңгем мынау анамдай
Қашан көрсең дастарханы жайулы
Бар қазақты сыйдырады жүрегің
Елдің, жердің амандығы тілегің
Ұрпағыңмен мың жасай бер жан ағам
Бар жақсылық, бар бақытты тіледім

Үйреттің мақсатқа жетуді
Жеңуді, сүрінбей өтуді
Өмірдің жолында сан тарау
Ақылың бағдаршам секілді
Мақтау деп ойлама жай мұны
Сендерсің бабамның байлығы
Иесі сендерсің даламның
Елімнің сендерсің айбыны

Қайырмасы:
Айтқызбай ақ түсінетін ойымды
Ойлап жүрер халім менен жайымды
Ақпейілді жеңгем мынау анамдай
Қашан көрсең дастарханы жайулы
Бар қазақты сыйдырады жүрегің
Елдің, жердің амандығы тілегің
Ұрпағыңмен мың жасай бер жан ағам
Бар жақсылық, бар бақытты тіледім Х2




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

07.07.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz