Ұлы дала lyrics

Досымжан Таңатаров

Ұлы дала

0
0

Share:


Бүгін дала дүбірлі,
Жалаулатқан Туымды
Көгімде бейбіт Күн нұрлы.
Дархан сая елдігі,
Асқақ пейіл кеңдігі
Жерімде нұр тұнған ізгі.
 
Қайырмасы:
Салтанаты жарасқан,
Дараланған, даңқы асқан.
Ұлы далам жайнаған,
Бақыт заман айналам
Елден айналам!
Бүгін далам жайнаған,
Бақыт заман айналам
Халқымнан айналам!
 
Самғар қыран сұңқары,
Асау мінез тұлпары.
Даламның шежіре әні.
Ар-намысы келелі,
Дария-шалқар көңілі
Халқымның шеруі, сәні.
 
Қайырмасы:
Салтанаты жарасқан,
Дараланған, даңқы асқан.
Ұлы далам жайнаған,
Бақыт заман айналам
Елден айналам!
Бүгін далам жайнаған,
Бақыт заман айналам
Халқымнан айналам!
Досымжан Таңатаров, Ұлы дала lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.01.2016