Шығайық қырға lyrics

Досымжан Таңатаров

3
0

Share:



Ақ жаңбыр болып төгіліп жерге көктен нұр,
Төбемде міне, аспаны күліп көктем тұр.
Қиқулап бүгін үстімнен өтті аққу-қаз,
Менімен,қалқам, жусанды қырға кетсең жүр.

Қайырмасы:
Шығайық қырға, оранып нұрға,
Жусанды далаға.
Шығайық қырға, бөленіп жырға,
Таусылмас сыр да.

Екеуміз, жаным, серпіліп қырға шығайық,
Көктемде қырға барғанды керер кім айып.
Боранды күндер қарға адым жерге шыға алмай,
Телміріп тысқа отырып едің мұңайып.

Қайырмасы:
Шығайық қырға, оранып нұрға,
Жусанды далаға.
Шығайық қырға, бөленіп жырға,
Таусылмас сыр да.

Жүректі бүгін билеп те алды өктем жыр,
Серпіліп тысқа шыға алмап едің көптен бір.
Жүр, қалқам, бірге жусанды қырға шығайық,
Бозбала қырда көк көйлек киіп көктем жүр.

Қайырмасы:
Шығайық қырға, оранып нұрға,
Жусанды далаға.
Шығайық қырға, бөленіп жырға,
Таусылмас сыр да.
Досымжан Таңатаров, Шығайық қырға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






21.05.2017
Users