Досымжан Таңатаров Шернияздың термесі (), lyrics

Шернияздың термесі lyrics

Досымжан Таңатаров

1
0

Share:



Болғанда ашу арын нәпсі жауын
Алдыңда ақыл берген асқар тауың
Жүректе ашу еніп тұрған шақта
Денеңнің біле алмайсың ауру сауын
Ойласаң мың бір пәле тілден туған
Шешендер көп ішінде тілін буған
Бір адам қателесіп сөз сөйлесе
Жабылып мың бір бәле соны қуған

Жігіттер жау алмайды ақылдассаң
Жөн білетін адамға жақындассаң
Қарап жүрген адамға кісі тимес
Сабыр қып өз бойынды мықты ұстасаң

Жақының жат болады алыс болса
Жатта жақын болады таныс болса
Сыртыңнан жаман туыс табалайды
Аяғың бір нәрсеге шалыс болса

Кедейлік ер жігітке намыс емес
Жоқ болсаң туысың да таныс емес
Суық үй, арық соғым, жаман әйел
Үшеуі кедейліктен алыс емес
Ант соқса, адам шіркін тосылады,

Кері кетсе, ұйқы кеп қосылады.

Құл-құтан, қарақалпақ болса-дағы,

Мал шіркін айыбыңды жасырады.
Екі арыстан жабылса – дәуді өлтірер,

Ажал жетсе – аурусыз сауды өлтірер.
Қаныпезер бұзақы жігіт болса,

Тыныш жатқан еліңе дау келтірер.






Арай

Corrected text

06.05.2021