Сәулешім lyrics

Досымжан Таңатаров

Сәулешім

2
0

Share:



Сүйкімді аққу жазып қанатын
Біздің көлден ұшып-қонатын.
Менің сәулем, ал менің сәулем
Сол аққудан сұлу болатын.
Менің сәулем, ал менің сәулем
Сол аққудан сұлу болатын.
 
Қайырмасы:
Айналайын ақ сәулем,
Үміт отын жақ, сәулем,
Аққуым боп көлімнің
Самғашы, бүгін.
Гүлдей күліп арайлым
Келе ме деп қараймын
Бақытты бол өмірде,
Арманым менің .
           
Жұлдыздарын шашып қара түн.
Ай-күнім деп күліп жанатын
Менің сәулем, ал менің сәулем,
Менің сәулем сұлу болатын.
Менің сәулем, ал менің сәулем,
Менің сәулем сұлу болатын.
 
Қайырмасы.
 
Кетерінде жымыңдап еді,
Күліп атқан сұлу таң еді,
Табылмайды енді қайтадан
Табылмайтын сұлудан еді
Табылмайды енді қайтадан
Табылмайтын сұлудан еді
Досымжан Таңатаров, Сәулешім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM