Келші құлаңға lyrics

Досымжан Таңатаров

Келші құлаңға

1
0

Share:



Маңдайын күн сүйіп
Қарайды сыр түйіп
Жанары тұңғиық арайлым менің,
Ақ гүлі жерімнің,
Мақтаны елімнің
Аруын көңілім қалайды менің.
 
Қайырмасы:
   Көркің әсем көктем,
   Құмырсқа бел, көркем
   Күлімдеші, күлші, жүзің - гүл алма. 
   Жібек жолын басып,
   Үммет құмын асып,
   Келші, сәулем, келші біздің құлаңға.
   Жібек жолын басып,
   Үммет құмын асып,
   Келші, сәулем, келші біздің құлаңға.
 
Қарамай тым тұйық,
Сәбидей мұнтиып,
Қылығыңмен алдың сезімді баурап.
Тәттілігің балдай,
Тамсанамын қандай,
Жалын от боп жанды-ай жүрегім лаулап
Досымжан Таңатаров, Келші құлаңға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM