Қаздар қайтып барады lyrics

Досымжан Таңатаров

2017

1
0

Share:



Қаздар қайтып барады қарашада,
Өзен-көлдер, білмеймін, тау аса ма?

Ойда-жоқта кездесіп бір сұр мерген,
Бағытынан мезгілсіз адасама ма?

Қаздар қайтып барады қарашада,
Өлең жаздым мұңайып оңашада.

Қандай күш бар оларды тоқтататын,
Кім бар екен түсетін арашаға.

Қаздар қайтып барады қарашада,
Мекенім деп мәңгілік санаса да.

Амал қанша, бір досты іліп кетті,
Орап алып ақ бұлттай алашаға.
Қаздар қайтып барады қарашада.
Досымжан Таңатаров, Қаздар қайтып барады lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






06.11.2017
Users