Гүл көктем lyrics

Досымжан Таңатаров

Гүл көктем

0
0

Share:



Нәзік сезімге
Толы нұр болып
Шуақ шашады
Сұлу ақ таңым.
Әлдилеп жанды  көңіл тербетер
Әуендер әсем арай бақтағы,
Арай бақтағы.
Әлдилеп жанды  көңіл тербетер
Әуендер әсем арай бақтағы,
Арай бақтағы
 
Келгенде күліп
Ару гүл көктем
Жапырақ жасыл
Тағы дір еткен.
Өртеніп қалқам  сен де кетер ме ең 
Мендегі осы жалын жүрекпен,
Жалын жүрекпен.
Өртеніп қалқам  сен де кетер ең 
Мендегі осы жалын жүрекпен,
Жалын жүрекпен.
 
Барлық сынақты
Бастан өткеріп
Мазалар мені
Мәңгі сұрақ бұл.
Білгендей бұлттар сыршыл жанымды
Сұлу көктемім үнсіз жылап тұр,
Үнсіз жылап тұр.
Білгендей бұлттар сыршыл жанымды
Сұлу көктемім үнсіз жылап тұр,
Үнсіз жылап тұр.
 
Көктемім шуақ 
Ғажап өмірім,
Шырқар көңілде
Әуезді әсем ән.
Ұршы бұлақтай мөлдір сезіммен,
Аяулым іздеп сені сағынам,
Сені сағынам.
Ұршы бұлақтай мөлдір сезіммен,
Аяулым іздеп сені сағынам,
Сені сағынам.
Досымжан Таңатаров, Гүл көктем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM