Бір көргеннен lyrics

Досымжан Таңатаров , Ернар Айдар

2018

17
0

Share:



Жолықпай жүрді жол қарағанмен
Кезікті бір жан жолым болып
Ұрланып тұрып бір қарағаннан
Маңайым кетті гүлге толып

[Қайырмасы]
Олай дедім бұлай дедім
Еркелесе шыдай бердім
Жан-жағына нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім
Мекен-жайын сұрап қалдым
Ебін тауып гүл апардым
Мөлдір көзді сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.

Тулайды жүрек тулайды келіп
Арнама сыймай ағылып жыр
Қиялымдағы періште бейне
Аңсатпай менің қасымда жүр

[Қайырмасы]
Олай дедім бұлай дедім
Еркелесе шыдай бердім
Жан-жағына нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім
Мекен-жайын сұрап қалдым
Ебін тауып гүл апардым
Мөлдір көзді сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Бір көргеннен lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

30.07.2018
Users