Дүние жалған lyrics

Досымжан Таңатаров

Дүние жалған

2
0

Share:



Баспадым жардың шетін құлай ма деп,
Ішпедім арықтан су лай ма деп.
Қорқамын дос болуға жаманменен
Тар жерде ертоқымым сұрай ма деп.
 
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр.
 
Жолықсаң біздің елдін тентегіне
Өмірдің қарамайды келтегіне,
Ұйдегі жалғыс атын сойып беріп
Қалады жүген ұстап  ертеңіне.
 
Ахау арман, дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
 
Болар деп бір жақсылық сендіріп ең,
Иланып сол сөзіңе мен жүріп ем.
Етігің аяғыңды қысар болса
Не пайда дүниенің кеңдігінен.
 
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр.
 
Біреулер бұл өмірге өкпелейді,
Ғұмырым өтті менің текке дейді.
Жұмсап қал бар дүниеңді тірлігіңде,
Ол дүние кедейсініп кет демейді.
 
Ахау арман, дүние жалған,
Хәләуләйлем, хәләуләйлем.
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман, дүние жалған,
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Досымжан Таңатаров, Дүние жалған lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM