Даланың ару қызы lyrics

Досымжан Таңатаров

Даланың ару қызы

0
0

Share:



Сағым боп көл бетінен
Толқындай тербетілген
Барасың баурап мені
Керімсал келбетіңмен.
Даланың ару қызы
Бақытым өзіңменен.
 
Қайырмасы:
           Жан сырым ақтарылды
           Қараумен баққа нұрлы.
           Кетерсің қалай қиып
           Тәп-тәтті шақтарыңды.
           Сағынтып жүрсің қазір
           Күткендей ақ таңымды.
 
Гүл өссе шағыл құрға,
Оранса сағым нұрға,
Шақтарды самал керім
Сен, сірә, сағындың ба? 
Шақтарды самал керім
Сен, сірә, сағындың ба?
 
Қайырмасы.
 
Бүгінгі салған әнің - 
Ән-күйі сар даланың.
Тал бойың елестетер 
Даланың ақмаралын.
Көктемнің шат күніндей
Ашылсын бақ-талабың.
Досымжан Таңатаров, Даланың ару қызы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

22.10.2015