Біздің жақта lyrics

Досымжан Таңатаров

Біздің жақта

0
0

Share:



Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты, биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, таусылмайтын,
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдер-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Каздай қатар тізіліп,
Мыңғырып көшкен елдер-ай.
Сарыарқа,
Елім алыс,
Қалдым шалыс,
Жат жерде талай елмен болдым таныс.
 
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатамын меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс, сұңғақ бойлы, сүмбіл шашты.
Еркін, бейбіт ауылым-ай,
Жас өрім талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
Жан сәулем,
Өрімталдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыкқан лебің шекер балдай.
 
Ер палуан, аңшы, мерген, әнші, сері.
Жасынан жүйрік ұстап өскен ұлан,
Жаужүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жаюшы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
Сарыарқа,
Елім алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдым таныс.
Досымжан Таңатаров, Біздің жақта lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM