Білмеймін сені баласындым ба lyrics

Досымжан Таңатаров

0
0

Share:



Мойындағым келмей сүйетінімді,
Өзіңді көрсем жалтардым.
Білсем де отқа күйетінімді,
Аңсадым сызын қаңтардың.

Білмеймін сені баласындым ба?
Жүректің сырын шертер күн.
Тағат таба алмай аласұрдым да,
Ішімнен тындым, өртендім.

Сезімді мынау сезгенің бе еді,
Қауызын жарған гүл сынды.
Ұқтың ба сырды көздерімдегі,
Төмен қарадың, қымсындың.
Бір сәуле шашты көздерің нұрлы,
Алаулап жүзің нарт жанып.
Алдыңда мен де теңселіп тұрдым,
Сүйіп алуға шаққалып...
Сен жайлы күнім ағат ойлаған,
Сезімім бе әлде жазығым.
Ұйықтасам-дағы «ағатайлаған»,
Құлақтан кетпес нәзік үн.

Білмеймін, сені баласындым ба?
Жүректің сырын шертер күн,
Тағат таба алмай аласұрдым да,
Ішімнен тындым, өртендім.
Досымжан Таңатаров, Білмеймін сені баласындым ба lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






21.05.2017
Users