Бақыт құсы lyrics

Досымжан Таңатаров

Бақыт құсы

1
0

Share:



Жүрегімде
Жанартаудай арманым бар,
Әр сәулесін
Алтындаған таңдарым бар.
Арманым-ау,
Әлде адасып қалдым ба,
Бір келетін,
Бір көретін
Бақытымның алдында?
 
Қайырмасы:
Бақыт құсын көрмедім бе,
Сен мені іздеп келмедің бе,
Болмадың ғой гүл алаңында
Сұрағанымда.
Сен тұрушы-ең қоштасарда қия алмай,
Мен тұрушы-ем ем сүйгім келіп сүйе алмай
Саған деген 
Пәк сезімім
Жүрегіме сыя алмай
Саған деген 
Пәк сезімім
Жүрегіме сыя алмай
 
Жылдар өтер 
Қасқа судың ағысындай.
Кетпе тағдыр
Бақытымды тағы ұсынбай.
Гүлдей нәзік
Көңілімнің пернесін
Ақ махаббат
Сенің ғана
Ақ қанатың тербесін.
Досымжан Таңатаров, Бақыт құсы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

ilarixan xydaiberqenowa

08 2017

досымжан аганын осы ани журекти тербеиди еш кимге уксамаитын озгеше дауысы бар ози де адеми ани де адеми жасасын танатаров рахмет

Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM