Айшажан lyrics

Досымжан Таңатаров

Айшажан

0
0

Share:



Көрсем сені толқып кетем, Айшажан,
Жан сырымды қалай батып айта алам?
Бар өмірім бір өзіңе арнаймын 
Қабыл етші тілегімді, қалқажан.
 
Қайырмасы:
Армандасам әнім болдың, Айшажан,
Бірге болсын жас жүректер аңсаған!
Бір өзіңді армандаймын,
Өзге жанға алданбаймын, Айшажан.
 
Еркелеші, еркем деші, Айшажан,
Қашан сені жан жарым деп айта алам?
Қашан тынар махаббаттың дауылы
Жүрегімнің тұнық көлін шайқаған?
 
Қайырмасы.
 
Көңілімнің көгіндегі гүлсің сен,
Мен түнерем сен мұңайып күрсінсең.
Махаббаттың ақ шолпаны Айшажан,
Қайда жүрсем жүрегімде жалғыз сен.
Досымжан Таңатаров, Айшажан lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

09.04.2017
Users

GM