Балапаным Динара Қырықбаева

2018

1
0

Share:




Lyrics



Желбіреген ақ ботам құлыншағың сенің
Өмірімнің жалғасы құлыншағым менің
Ата анамды білгенің шықылықтап күлгенің
Бәрімізге қуаныш тәй тәй басып жүргенің

Қайырмасы
Балапаным тәй тәй келе қойшы маған
Ақ періштем пай пай бақ тілейін саған
Апасының бұзығы әдемісің қандай
Атасының қызығы баға жетпес балдай
Тәй тәй ботам тәйтәй

Бал қылығың баураған қандай тәтті тілің
Әкесінен аумаған еркелеген күнім
Ай ай ай бала мынау осы қай бала
Қылығымен құшақтап ай жүзіңді аймала

Қайырмасы
Балапаным тәй тәй келе қойшы маған
Ақ періштем пай пай бақ тілейін саған
Апасының бұзығы әдемісің қандай
Атасының қызығы баға жетпес балдай
Тәй тәй ботам тәйтәй




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.01.2019