Желкілдек lyrics

Динара Сұлтан

2016

2
0

Share:



– Жылқының мінсіз қара төбеліндей,
Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей.
Шашыңды он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей.
Ақ бетің жарқырайды жұмыртқадай,
Тұлымың сылбырайды шыбыртқыдай.
Боз үйден сен шығасың керіліп-ау,
Аяқты бір басуға ерініп-ай.
Аққудай көлден ұшқан көтеріліп,
Жігінен қанатының сөгіліп-ай...

Саламат, сау жүрмісің, асыл данам,
Сен үшін ән салуға домбыра алам.
Құрбы едің бағаң қымбат ғаламдағы
Аз күнгі қасіретіңе болдым алаң.
Білер деп сөз қадірін сізге айтамын,
Білмейді сөз қадірін кейбір надан.
Жолдасым пұлың қымбат ғаламдағы,
Құрбыңа көзіңді сал панаңдағы.
Сөйлеймін еркін күнде еске келген,
Сөзімді айтпай қалман қиялдағы.
Сипатың сәулеленген туған айдай,
Жаһанда қолға түспес сен бір дағы
Ұлағат бар ата-анаңның салған жолы.
Әркімге өзіне ыстық сүйген жары,
Қосылса, екі жақсы адаспайды,
Біріксе, жас жүректің ынтымағы.
Динара Сұлтан, Желкілдек lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

19.11.2016
Users