Lyrics
Жүрегі жомарт жан аға
Болса екен сіздей бар аға
Мейіріммен қарайтын
Үлкенді кіші балаға
Көңілі көктем жүзіндей
Пейілін әппақ жағала
Жазса екен ұзақ ғұмырды
Жаратқан Алла, Жаратқан Алла Тағала
Жазса екен ұзақ ғұмырды
Жаратқан Алла, Жаратқан Алла Тағала
Жігіттің жайсан төрісін
Қысылған жанға қайтармай
Қашанда созған қол ұшын
Болаттай ердің өзісін
Бабаның батыр көзісің
Сенімін ақтап ағаның
Серттескен туған
серттескен туған ел үшін
Сенімін ақтап ағаның
Серттескен туған
серттескен туған ел үшін
Мөрттікке тура бастаған
Ар жолын ердің бастаған
Бойынан ойы аспаған
Соларға үлгі болса екен
Сіз салған биік асқақ ән
Арыстан сызап сес болған
Ши бөрілерге ши бөрілерге қаптаған
Арыстан сызап сес болған
Ши бөрілерге ши бөрілерге қаптаған
Солай да солай ағасы
Адамның көп ау аласы
Өзіңде жандар болмаса
Өмірдің болмас бағасы
Ағадай сіздей толса екен
Көк пен жердің арасы
Сіз мінген тұлпардың
Таймаса екен таймаса екен тағасы
Сіз мінген тұлпардың
Таймаса екен таймаса екен тағасы
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).