Әзіл өлең lyrics

Дильхан Исаев

2017

14
0

Share:



Көрші әйелге қарап ем халат киген
Біздің әйел қырыт қып қабақ түйген
Белгілі жігіттер арғы жағы
Қуып шықты бір сәтте мені үйден
Белгілі жігіттер арғы жағы
Қуып шықты бір сәтте мені үйден

қайырмасы:
Ай өзімнің әйелім шекер екен
Қызыққаным өзгеге бекер екен
Енді жалғыз мен байқұс нетер екем
Қарлыашым болмаса

Есігіңді қақсам да ашпайсың ба
Сонда мені далаға тастайсың ба
Жетпейді ғой сұлудың ешқайсысы да
Сандуғашым болмаса

Әй жігіттер жаным деп жанай жүрсең
Бақытым деп бағына балай білсең
Әйелің де әдемі көрінеді
Көршіннің де көзімен қарай білсең
Әйелің де әдемі көрінеді
Көршіннің де көзімен қарай білсең

қайырмасы:
Ай өзімнің әйелім шекер екен
Қызыққаным өзгеге бекер екен
Енді жалғыз мен байқұс нетер екем
Қарлыашым болмаса

Есігіңді қақсам да ашпайсың ба
Сонда мені далаға тастайсың ба
Жетпейді ғой сұлудың ешқайсысы да
Сандуғашым болмаса
Дильхан Исаев, Әзіл өлең lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Амантай Булатов

15 2017

Где текст???

Айгерим

30 2017

Өте күшті маған қатты ұнады

27.05.2017
Users